ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Әскери оқу-жаттығу жиыны

13:32, 3 тамыз 2022

Әскери міндеттілер оқу-жаттығу жиынына шақыртылды. Жиын барысында олар жауынгерлік үйлестіру іс-шараларына қатысады. Бір ай ішінде жас жігіттер әске­р ісінің әліпбиін қайта еске түсіріп, әске­ри техника және дене даярлығымен шұғылданбақ.

Шақырылғандардың әрқайсысы өзінің әскери мамандығы мен пәндері бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтар курсын меңгеруі тиіс. Мұнда практикалық даярлыққа басты назар аударылады.

Басқа мамандықты игеру – екінші білім алумен тең. Әскери адам әлемде болып жатқан ахуалдан хабардар болып, түрлі қауіп-қатерге қарсы тұруға үнемі әзір болуы тиіс. Әскери міндеттілерді бір айдың ішінде өзге мамандыққа қайта даярлау – бүгінгі заманның талабы.

Жиынға қатысушылардың барлығы да бұған дейін Отан алдындағы әскери борышын өтегендер. Қазіргі таңда заман талабына сай әскери техника жаңартылып, жағдай айтарлықтай жақсаруда. Қайта даярлау жұмыстары азаматтарға бұрын үйренген дағдыларын нықтап, жаңа әдістерге машықтануға мүмкіндік болмақ.

Айта кетейік, жиын кезеңінде әскери міндеттілердің жұмыс орны, атқаратын лауазымы сақталады, оларға республикалық бюджеттен орташа айлық жалақы төленеді.

Шара қорытындысы бойынша сынақтар өткізіліп, қажетті білім-білікті меңгерген әскери міндеттілерге әскери атақтар беріледі. Қайта даярлау оқу-жаттығу жиындарының аяқталар тұсында азаматтар салтанатты түрде әскери ант қабылдап, толыққанды әскери міндеттілердің қатарына қосылады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар