ШҰҒЫЛ! ЖАҢА БАСПАНАЛАР ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЕСІРТКІ САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ

13:34, 29 сәуір 2021

ШҚО ПД басқармасының қызметкерлері облыстық ҰҚК мамандарымен бірлесіп есірткі саудасымен айналысқан құрамы жеті адамнан тұратын қылмыстық топты әшкереледі, олардың үшеуі еліміздің оңтүстік өңірінде тұрған. Алматы облысы, Талғар ауданы, Қызылқайрат ауылындағы жалдамалы үйде синтетикалық есірткіні дайындаумен бір отбасы айналысқан. Тергеу барысында күдіктілер «Telegram» мессенджері арқылы есірткіні адамдармен кездеспей-ақ таратумен айналысқаны, ал клиенттерден ақыны электрондық төлем жүйелерінің көмегімен қабылдағаны анықталды. Арнайы операция нәтижесінде 21-49 жас аралығындағы 7 адам қамауға алынды. ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлағандай тәркіленген заттардың «қара базардағы» құны шамамен 167 млн. теңгеге бағаланады. Күдіктілер ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылулары мүмкін.
 

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН БА?
13:34, 17 мамыр 2021
ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН БА?
Толығырақ...
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙТЫН ҚОР АШЫЛДЫ
13:30, 17 мамыр 2021
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙТЫН ҚОР АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар