
Өскеменде есірткі сатумен шұғылданған жас қыз ұсталды. Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 21 жастағы қала тұрғынынан 650 доза синтетикалық есірткіні тәркіледі. Оңай олжаға кенелгісі келген бойжеткен облыс орталығында психотроптық заттарды байланыссыз, адамдардың қатысуынсыз, яғни «қойып кету» арқылы өткізіп келген. Ал есептесуді қолма – қол ақшасыз жүргізген.