
Қылмыс жасап қолға түсті. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өскеменде 26 және 23 жастағы екі азаматты есірткі сатумен айналысқаны үшін ұстады. Күдіктілер психотроптық заттарды әлеуметтік желі арқылы саудалаған. Есірткі сатушыларды тінту барысында 1 000-нан астам доза бір реттік психотроптар және өлшеп-орауға арналған заттар алынды. Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот үкімі шыққаннан кейін екі азамат 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тәркіленген психотроптық заттардың «қара нарықтағы» бағасы 12 млн теңгені құрайды.