ШҰҒЫЛ! ЖАҢА БАСПАНАЛАР ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЕРТІСТІҢ ЖАҒАСЫ ӨРТКЕ ОРАНДЫ

17:19, 28 сәуір 2021

Өскеменде Ертіс өзенінің сол жағалауын жалын шарпыды. 30 гектар аумаққа жайылған өрттің шығуына құрғап шөптің жануы себеп болған. ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай оқиға орнына жету үшін қайықтар қолдануға тура келген.ТЖД мамандарына 27 сәуір күні Өскеменде Ертіс өзенінің сол жағалауы  өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жету қиын болғандықтан өрт сөндірушілер жеке құрамды қайықпен тасымалдаған. Құтқарушылар қосымша күш ретінде «Защита» станциясында орналасқан 11 адамнан тұратын «Қазақстан темір жолы» ҰК өрт сөндіру пойызын жұмылдырды. Олар ТЖД қызметкерлерімен бірге қызыл жалынды ауыздықтауға атсалысты. Өртті сөндіруге барлығы 5 техника, 2 қайық, 24 өрт сөндіруші, «Қазақстан темір жолы» ҰК өрт сөндіру пойызы мен жеке құрамнан 11 адам  тартылды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН БА?
13:34, 17 мамыр 2021
ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН БА?
Толығырақ...
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙТЫН ҚОР АШЫЛДЫ
13:30, 17 мамыр 2021
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙТЫН ҚОР АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар