ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

ЕРІКТІЛЕРГЕ ЕРЕКШЕ БІЛЕЗІК СЫЙЛАДЫ

17:17, 15 қаңтар 2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «еріктілер жылы» деп жариялаған 2020 жыл бірегей бастамалар мен жарқын жобаларға толы болды. Жаны жомарт, жүрегі мейірімге толы көптеген азаматтар бүкіл ел бойынша қиын жағдайға тап болған жандарға көмек қолын созды. Әсіресе, коронавирус пандемиясы кезінде көмек ауадай қажет болды. Еріктілер жылы аяқталған тұста «Казцинк» компаниясы «Жылы жүрек» акциясын бастады. Шара барысында өңірдегі кең жүректі, қайырымды жандарға құрмет көрсетіліп, арнайы әзірленген білезіктер таратылды. Мейірімділік пен қамқорлықты суреттейтін жүрек кейпіндегі білезікті университет пен колледж студенттері, жастар мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері, еріктілер топтары мен жануарлар үйлерінің қызметкерлері иеленді. Бұл күні барлығы 3000 білезік сыйға тартылды. Білезікті алған мекеме өкілдері оны өздерінің белсенді қызметкерлері мен қиын кезде көмектескен мейірімді жандарға табыстай алады. Сондай-ақ, ерекше білезіктерді компанияның түрлі бөлімдеріндегі қызметкерлер де алды. Естеріңізге сала кетейік, «Казцинк» компаниясы шектеу шаралары басталған уақыттан бері жәрдемге мұқтаж жандарға көмектесіп келеді.

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕР
17:21, 5 наурыз 2021
ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕР
Толығырақ...
БІЗ КӨП БІЛЕ БЕРМЕЙТІН МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ
17:17, 5 наурыз 2021
БІЗ КӨП БІЛЕ БЕРМЕЙТІН МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар