ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ЕРІКТІЛЕР КӨМЕГІ

13:32, 14 сәуір 2021

Еріктілер теміржол вокзалында қызметкерлерге көмек көрсетуде. Олар жолаушылардың дене қызуын өлшеп, санитарлық талаптарды сақтауға шақыруда. Басты мақсат індеттің қайталануына жол бермеу, – дейді жастар. Қауіпті вирустың таралуын болдырмау үшін еріктілер Семейге пойызбен келетін жолаушылардың дене қызуын өлшеуге көмектесуде. Еріктілер термометрияны жүргізіп қана қоймай, сауалнама өткізіп, сонымен қатар жолаушыларды қорғаныс маскаларымен қамтамасыз етеді. Айта кетерлігі, бұл жұмысқа еріктілер белесене қатысты. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, волонтерлер келген жолаушыларды қарсы алып, санитарлық талаптарды сақтауға қатысты шараларды жүргізді. Оларға кезекшілік кезінде нақты нұсқаулық берілді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өкілдерінің айтуынша, пойыз келген кезде жолаушылар ағыны күрт артады. Өйткені, олардың арасында келушілермен қатар, күтіп алатын қала тұрғындары да бар. Сондықтан, кейбір адамдардың дене қызуы өлшенбей қалуы мүмкін. Осы орайда, еріктілердің көмегі қажет. Семей қаласы "жасыл" аймақта орналасқан. Сондықтан, аурушаңдықтың төмен көрсеткіштерін сақтап, қалыпты өмірге қайта оралу үшін ұйымшылдық пен жауапкершілік таныту қажет, дейді еріктілер.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар