ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

ЕРЕКШЕ ЖӘДІГЕРЛЕР САҚТАЛҒАН МҰРАЖАЙ

17:21, 18 мамыр 2021

Мұражай - аймақтың тарихи-мәдени мұрасы шоғырланған, өткеннің құпиялары туралы сыр шертетін бірден-бір орын. Ал өңірдегі кәсіпорындардың мұражайларында да қызықты деректерге толы құнды жәдігерлер деректер аз емес. Халықаралық музейлер күніне орай тілшілеріміз Үлбі металлургия зауытының ақпараттық көрме орталығында болып қайтты. Мұнда зауыттың тарихы ғана емес, сонымен қатар Кеңес Одағындағы атом өнеркәсібі саласының тұтастай дамуы, Өскемен қаласының құрылысы көрініс тапқан. Бұл көріністердің әрқайсысының артында үлкен тарих жатыр. КСРО-да ғана емес, бүкіл әлемде теңдесі жоқ өнімдерді өндіру үшін еселі еңбек еткен ерлердің ерекше тағдырлары бейнеленген. Әр ел өзінің қару-жарағының қуатымен мақтанған Совет заманында дәл осы Үлбі металлургия зауытында Рейганның «Стратегиялық қорғаныс бастамасына» «асимметриялық жауап» та дайындалған екен. «ҮМЗ» -дағы ақпараттық- көрме орталығындағы әр жәдігер ерекше, әрқайсысы құнды. 1980 жылдардың басында зауытта "Әскери даңқ мұражайы"ашылды. Әрине, мұражайдың бүгінгідей деңгейге жетуіне өз ісінің майталмандары Альберт Ефимович пен Светлана Николаевнаның  қосқан үлесі зор. Олар мұражайдың қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Тіпті«ҮМЗ-нің» жеке киностудиясында түсірілген керемет кадрлар да алтын қорда сақталған. «ҮМЗ» тарихы Өскемен қаласының дамуымен тығыз байланысты. Мұражайдың әрбір жәдігерін зерттей отырып, кез келген адам бүгінге дейін білмеген құпияларды ашатын таңғажайып фактілерді, фотосуреттерді мен құжаттарды көре алады.

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...