ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Энергия үнемдеудегі сапа

17:15, 15 қазан 2021

Жергілікті тұрғындар электр энергиясымен үздіксіз және сапалы негізде  қамтамасыз етілуі шарт. Бұл үшін облыс орталығындағы екі қосалқы станцияда трансформаторлар ауыстырылып,  ескірген жабдықтар жаңартылды. Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы өңірдегі инвестициялық бағдарламалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізіп, жоспарға сай атқарылған жұмысты қорытындылады.  Инвестициялық бағдарлама бойынша Өскемендегі «СДИ» мен «Солжағалау» қосалқы станциялары қайта жаңартылды. Бұл өз кезегінде қуат тапшылығын жойып, жаңадан іске қосылған абоненттер арасындағы электр энергиясының жүктемесін реттейді. Сонымен қоса, алдағы уақытта тұтынушылар саны артатыны ескеріле отырып, олардың технологиялық қосылуына мүмкіндік береді. Айтып өтелік, 2017 жылы «СДИ» қосалқы станциясында төтенше жағдай туындап, 50 000-ға жуық тұтынушы жарықсыз қалды. Осындай жағдай қайталанбауы үшін екі қосалқы станцияда трансформаторлар ауыстырылып, вакуумдық ажыратқыштарды орнату арқылы қайта жаңаланды. 1965 жылы салынған «Солжағалау» қосалқы станциясы - Өскеменнің 100 000-нан астам тұтынушысы бар тораптық қосалқы станциялардың бірі. Қазіргі уақытта бұл нысанда қажетті жабдықтарды ауыстыру жұмыстары әлі де жүргізілуде.

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар