ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ СУСЫН: ПАЙДАЛЫ МА, ЗИЯНДЫ МА?

17:32, 25 қаңтар 2021

Энергетикалық сусынның бір құтысын ішсеңіз шаршағаныңыз басылып, ұйқыңыз ашылып, сергек жүресіз дейді. Бұл түсінік қаншалықты шындыққа жанасады? Ал дүкен сөрелерінде бұл сусынның емін-еркін таралуы, кез-келген жастағы азаматтарға қолжетімді болуы денсаулыққа еш алаңдамауға болатындай әсер береді. Толығырақ келесі бейнематериалда. 23 жастағы қала тұрғыны 5 жылдың көлемінде энергетикалық сусынды үздіксіз тұтынып келеді. Бастапқыда кері әсерін байқамаған. Тек кейінен бойы осы сусынға үйреніп, арты тәуелділікпен аяқталған. Қазіргі таңда ұйқысыздық мазалап, жүрек-қан тамыр ауруына шалдыққанын айтады. Энергетикалық сусындар. Бір қарағанда ағзаға тигізер еш зияны жоқ сияқты көрінеді. Дегенмен, бұл тауарға Еуропаның бірнеше елінде еркін саудалануына шектеу қойылған.  Оны тек арнайы рұқсатпен тек дәріханалардан алуға болады. Ал біздің елде сергіткіш әсер беретін бұл сусындар кез-келген дүкен сөрелерінде емін-еркін саудаланып, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қолжетімді.  Аталған сусынның ағзаға тигізер кері әсерін білу үшін маманмен тілдестік. Ал жас ағза үшін глюкоза мен кофеин бар энергетикалық сусын өте зиян. Себебі, мұндай энергетиктердің құрамында  шамадан тыс мөлшерде В дәрумені бар. Бұл өз кезегінде жүрек соғысын жиілетіп, аяқ-қолдардың дірілдеуіне әкеп соғуы мүмкін. Дәрігерлер өз кезегінде бұл сусынды жүкті әйелдерге, балаларға, жасөспірімдерге, егде адамдарға, жүрек-қан тамырлары ауыратын, глаукома, ұйқысы бұзылған адамдарға тұтынуға болмайды дейді.
 

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕР
17:21, 5 наурыз 2021
ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕР
Толығырақ...
БІЗ КӨП БІЛЕ БЕРМЕЙТІН МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ
17:17, 5 наурыз 2021
БІЗ КӨП БІЛЕ БЕРМЕЙТІН МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар