ШҰҒЫЛ! ЖАҢА БАСПАНАЛАР ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН БАҚЫЛАУ

13:32, 18 ақпан 2021

Былтыр өңірімізде адам өлімімен аяқталған 7 факті тіркелген. Қайғылы оқиғалар негізінен құрылыс пен өндіріс салаларында болған. Сондай-ақ, өткен жылы еңбек қорғау заңдылығына айтарлықтай өзгерістер енгізілген. Бұл туралы Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің жетекшісі – Ерлан Ниетқабылов айтып берді. Былтыр өңірімізде заңды және жеке тұлғалардан түскен 525 арыз-өтініштің 400-ге  жуығы қаралған. Соның нәтижесінде 79 тексерулер жүргізіліп, 100-ден астам заң бұзушылықтар анықталды. Ол бойынша 40-тан астам нұсқамалар берілген. Бөлімге түскен 54 арыз-өтініш аумақтықтылығы мен құзіреттілігі бойынша басқа органдарға және өзге қалалар мен облыстарға қарауға жіберілді. 77 өтініш бойынша арызданушылар өз өтініштерін қайтарып алған. Себебі, арыз түскеннен кейін, еңбек инспекторлары жұмыс берушілермен түсіндірме жұмыстар жүргізудің нәтижесінде олар өз деңгейінде, ұжым ішінде құқық бұзушылықтарды жойған. Еңбекақы берешегі бойынша 27 факті тіркеліп, жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Яғни, оларға 7 млн 600 мың теңгеден астам айыппұл салынған. Бүгінде нұсқамалардың көбі орындалған. Былтыр өңіріміздегі кәсіпорындарда 39 өңдірістік жарақат тіркелген. Оның көбі жұмыс берушінің салғырттығы мен жұмысты дұрыс ұйымдастырмауынан, жауапты тұлғалардың бақылауды дұрыс жүргізбеуі салдарынан болған. Ерлан Ниетқабыловтың сөзінше, адам өлімімен аяқталған жарақат саны өткен жылмен салыстырғанда 2%-ға төмендеген. Еңбек жарақаттары негізінен құрылыс пен өндіріс саласында тіркелген. Атап өтерлігі, былтыр маусым айында еңбек қорғау заңдылығына байланысты өзгерістер енгізілген. Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес, енді электрондық келісімшарт деген ұғым пайда болды. Яғни, жұмыс беруші келісімшарт жасасқан кезде мәліметтерді электронды нұсқаға да енгізуі керек. Сондай-ақ, азаматтар әскери борышын өтеп келгеннен кейін бұрын еңбек еткен жұмыс орнына 1 айдың ішінде қайта оралуы қажет.

Тақырып бойынша материалдар

ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН БА?
13:34, 17 мамыр 2021
ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН БА?
Толығырақ...
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙТЫН ҚОР АШЫЛДЫ
13:30, 17 мамыр 2021
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙТЫН ҚОР АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар