ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Еңбегіне қарай өнбегі

13:31, 26 қаңтар 2022

Қоғамға шынымен керекті маман иелерін көбейту қажет. Бұл нәтижелі  жұмыспен қамту және қайта даярлау бағдарламасының негізгі міндеті. Осы тұсы қысқа уақытта іс-тәжірибеден өтіп, кәсіп бастаймын деушілер үшін үлкен мүмкіндік.

3 айлық іс-тәжрибелік курста оқығандардың бірі Евгения Подик. Қолы икемді қыз тігіншілік жұмысты бірден игеріп кеткен. Қазіргі уақытта жеке компаниялардан түскен тапсырысты орындауда. Әріптестері Евгенияның талпынысын, берілген істі тиянақты орындайтынын айтып мақтайды. Ол өзі ұнатқан салада қызмет етіп жүргеніне қуанышты.

Аз уақыт ішінде білік-біліміңді арттырып кәсіп ашуға да болады. Оған сәл ғана табандылық пен төзімділік қажет дейді көпке қолдау танытып жүрген  жеке кәсіпкер Алия Адамова.

Өскеменде өткен жылы қысқа мерзімді курстан өтуге 218 адам жіберілген. Оның 210-ы тұрақты жұмыспен қамтылды. Олардың қатарында Елдар Серікұлы да бар. Негізгі мамандығы аспаздық. Алайда ол оқыған саласы бойынша жұмыс таппаған. Елдар алдымен қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы арнайы курстан өтеді. 2 ай ішінде жинаған тәжірибесін кәдеге жаратып, электрик сертификатымен қызметке орналасады.

Қысқа мерзімді оқу іс-тәжірибесінен өтуге былтыр Өскемен қаласы бойынша 9 оқу орыны белгіленген. Биылғы жылы 11 білім ордасында сабақ өткізіледі.  Біліктілігімді жетілдірем деушілер үшін  28 мамандық оқытылады. Онда электргаздәнекерлеуші, кран жүргізушісі,  шаштараз сынды т.б. салалар бар.

Биылғы жылы оқуға еңбек бағдарламасымен 217 адам жіберілмек. Жауапты мамандардың айтуынша олардың барлығы дерлік 100 пайыз жұмыспен қамтылады. Бастысы табар табыстары көңілін көншітсін дейміз.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
17:15, 19 мамыр 2022
ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАС...
Толығырақ...
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...