ШҰҒЫЛ! Жаңа орталық ашылмақ Толығырақ

Емханаларға тіркелу науқаны басталды

17:15, 16 қыркүйек 2021

Облыста  емханаларға тіркелу науқаны басталды.  Тұрғындардың басым көпшілігі үшін ережелер бұрыңғыдай қалады.  Бірақ шетелдік азаматтар мен еңбек мигранттары үшін біраз өзгерістер күтілуде. Облыс тұрындарының 63 ұйымға тіркелуіне мүмкіндіктері бар.  Оның ішінде 40 мемлекеттік және 23 жеке меншік нысанына. Сала мамандары  мүмкіндігінше тұрғылықты үй маңындағы емхананы таңдауға кеңес береді. Бұл дәрігердің қарауында болуға көмектеседі. Алайда, таңдау құқығы  әрбір адамның өз құзыретінде.  Медицина мекемелеріне бекіту шарасы бірыңғай базада тіркелген медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізіледі. Тізімді fsms.kz сайтынан "емхананы таңдау" бөлімінен көруге болады. Сонымен қатар, тіркеу науқанының ережелеріне өзгерістер енгізілді. Олар тек шетелдік азаматтар мен еңбек мигранттарына қатысты. Барлық қалған тұрғындар үшін тәртіп өзгеріссіз қалады. Сонымен қатар, егер адам емхананы ауыстырғысы келмесе, өз шешімі. Және ешқайда барудың керегі жоқ. Ол автоматты түрде бұрын қызмет көрсетілген емханада қалады. Науқан кезеңінде МСАК-қа бекітіле отырып, таңдалған ұйымнан қызметтерді 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қана алуға болады. Ал 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін – медициналық қызметтерді бұрынғы емханадан көре алады. Өзіңіздің медициналық ұйымыңызды электрондық үкімет порталынан немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша емханадан біле аласыз. Науқан 15 қарашаға дейін жалғасады.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
13:32, 21 қазан 2021
Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
Толығырақ...
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
13:30, 20 қазан 2021
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар