ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? Толығырақ

ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН – ЕЛБАСЫ

17:17, 19 ақпан 2021

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті дамытудағы рөлі зор. Нұрсұлтан Әбішұлының бейбітшілік пен келісімді нығайтуда, елдің сыртқы саяси стратегиясын айқындауға қосқан үлесі  айтарлықтай. Бүгінде Қазақстандағы тұрақтылық әлем елдеріне үлгі,- дейді семейлік қоғам қайраткерлері.  Қазақстан – ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың мекені. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған жұмыстардың табысты екенін паш етіп келеді. Айта кетейік, еліміздегі алғашқы Достық үйі 1992 жылы Өскеменде ашылған болатын. Оның ашылу салтанатына Елбасының өзі қатысқан еді. 1991 жылы мемлекет өз тағдырын айқындап, тәуелсіздікке қол жеткізді. Одан кейінгі 30 жылға жуық уақыт ішінде Қазақстанның тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміз биік белестерге көтерілді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында  Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздер қабылданып, шет мемлекеттер елімізді егемен мемлекет ретінде таныды. Семей қалалық соғыс, еңбек және қарулы күштер ардагерлері кеңесінің төрағасы – Амантай Доғалақов 1991 жылы баламалы түрде Қазақстанның Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланады. Сол кезден бастап Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге алқалы жиындарға қатысып, талай Заңның қабылдануының куәсі болған. Нұрсұлтан Назарбаев елімізді басқарған уақыт – тарихи оқиғаларға толы кезең болды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастап, көптеген белді халықаралық ұйымдарға мүшелікке енді. Еліміз бірінші болып ядролық қарудан бас тартты, бүгінде атом бейбіт мақсатта қолданылуда. 1991 жылы Семей ядролық полигоны жабылды. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы 2009 жылы желтоқсанда Қазақстанның ұсынысы бойынша, ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялауға шешім қабылдады. Қазір бүкіл әлем Қазақстанды ядролық қарудан бас тартқан тұңғыш мемлекет ретінде таниды. Ел тәуелсіздігінің 30 жылында халықтар достығы нығайып, дүниежүзіне үлгі болатын Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Ғасырлар бойы шет жерде жүрген миллиондаған қандастарымыз өз атамекеніне оралды. Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың тілінің, дінінің дамуына толық мүмкіндік жасалды. Бұл ретте Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - өз халқы мен Отанына қызмет етудің үлгісі және әлемдік ауқымдағы көрнекті саясаткер деп айтуға негіз бар. Бүгінде биліктің барлық салалары Конституцияға сай қызмет атқаруда. Мемлекетіміздің құқықтық қатынастарын реттейтін көптеген заңдар, кодекстер, заңнамалар қабылданып, мемлекеттік құрылыстың өркендеуіне сүбелі үлес қосылып жатыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
13:40, 4 наурыз 2021
КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар