ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге

13:32, 21 қазан 2021

Парламент қалыпты жұмысқа көшті. Журналистер Мәжіліс ғимаратына кіргізілді. Пленарлық жиында Ұлттық қордың нысаналы трансферті мен үш жылдық бюджет нақтыланды. Отырысқа үкімет басшысы да қатысты. Қос заң жобасы мақұлданғанымен министрлер депутаттардан біраз сын естіді. Шараны онлайн тыңдау артта қалды. Енді шенеуніктерді ұстау оңайға соғады. Тілшілер 1 жарым жыл үзілістен кейін Парламентке келді. Мәселе – үш жылдық бюджетті бекіту. Шикізаттық тәуелділіктен арылуға әлі ерте. Себебі, Ұлттық қордың қолдауынсыз қазына тағы толмайтын болды. Ал, Президент қорға қол жаюды қою керек деген еді. Одан түбегейлі бас тартпаса да трансферттің көлемі кемітіліп жатыр. Сонымен Ұлттық қордан қаралған трансферт 2022-24 жылдары 2 трлн 400 млрдтан 2 трлн теңгеге дейін азайтылады. Шын мәнінде, бюджеттің жартысы осы  салаға арналды деуге болады. Сонымен бірге, еңбекпен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, бизнесті дамыту, ауылды өркендету басқа да салаларға тиісті   қаражаттар  қаралды.  Осының нәтижесінде біз еліміздің және халқымыздың әлеуметтік-экономикалық бағытын одан әрі нығайтуға тағы бір  нақты  қадам   жасадық. Қарашадан бастап тұрғындарды қайта вакциналау жоспарланып отыр. 11 миллионнан астам адам екпе алуы керек. Бірақ, оған қазынадан қаржы қаралмаған. Мәселе үкімет резервінен реттелмек. Азық-түлік бағасы да күн тәртібінен түскен жоқ. Алыпсатарлар тұрғанда бағаның аспандай беретінін министрдің өзі мойындап отыр. Ол үшін көтерме сауда-тарату орталықтарын көбейту керек.  Депутаттар қазынаның қаржысы көбіне көп жобалық-сметалық құжаттарға жұмсалып жатқанын айтты. Яғни, мерідгер компанияларды анықтау,жобаны қаржыландыру мен толық орындау мерзімі нақты көрсетілу керек. Осындай шикіліктерді жіпке түзіп, жылдам түзету тапсырылды. Бюджеттің бір тиыны да мақсатты жұмсалуы шарт екені тағы пысықталды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар