ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕР

17:21, 5 наурыз 2021

Қазақстанда кәсіпкерліктегі әйелдердің үлесі ұдайы өсіп келеді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басты міндеттердің бірі – төртінші өнеркәсіптік революция технологияларын игеруге қазақстандық қоғамның барлық топтарын тарту керектігі туралы айтқан болатын. Бұл мәселеде әйелдер кәсіпкерлігінің әлеуеті зор. Елімізде кәсіпкерлікпен айналысатын нәзік жандардың қатары жыл санап артып келеді. 2005 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кәсіпкер әйелдердің жобаларын қаржыландыру бағдарламаларын әзірлеуді тапсыруы кездейсоқ емес. Бұл бағытта бүгінгі күні көптеген жұмыстар атқарылуда. Мәселен, «Bastau Business» бағдарламасы бойынша көп балалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға кәсібін дамыту үшін жеңілдетілген несиелер мен гранттар беріледі. Алайда, осы уақытқа дейін көптеген адамдар несиелік тарихының бұзылуы салдарынан шоттары бұғатталып, жеңілдіктерді пайдалана алмай келді. Дегенмен, қазір әлеуметтік және мақсатты төлемдерді аударуға арналған әлеуметтік ID-карталардың енгізілуімен, бұл мәселе шешімін тапты. 21 жыл бойы кәсіпкерлікпен айналысып келе жатқан Ғалия Мөйкеқызы әлеуметтік осал топтарға көмектесуді өзінің парызы санайды. Алғаш табысын тапқанан бері тағдыр тауқыметіне ұшыраған жандарға көмек қолын созып келеді. Кәсіпкердің екі жатақханасы бар. Соның бірінде тіпті Қарттар үйін де ашқан. Сонымен қатар, мектеп асханаларында аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға тегін тамақ береді. Ғалия Мөйкеқызының айтуынша, панасыз қалған қарттарды және қаржылық қиыншылық көріп жүрген жастарды көргенде жүрегі ауырып, түнде ұйықтай алмайды екен. Сол себепті алдына көмек сұрап келген адамдарға мүмкіндігінше жәрдемдесуге тырысады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар