ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Әлем таныған Нұр-Сұлтан

17:15, 3 шілде 2021

Көз тартар сұлу келбетімен талайды тамсандырған Нұр-Сұлтан бүгінде көпшілік сүйсіне қарайтын алып қалаға айналды. Айналасы ширек ғасыр көлемінде көз ілеспес жылдамдықпен өсіп-өркендеген Елордамыз әлемнің озық шаһарларымен иық тірестіретіндей деңгейге жетті. Қазіргі таңда астана халқы бір миллионнан асты. Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Осы жылдың 10 маусымында  жаңа астананың халықаралық тұсаукесері өтті. Ал 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бері астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы Жарлығымен Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталды. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргетасы қаланған елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болды. Бүгінде еліміздің саясатындағы сабақтастықты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырып келеді. Еуразияның жүрегі саналатын Нұр-Сұлтан қаласы көркі мен келбеті келіскен жаһандық деңгейдегі саяси орталыққа айналды.  Елорда елдің түкпір-түкпірінен арман қуып келген, талантты, жігерлі әрі жалынды жастарға жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілік, іскерліктің де орталығы. Мұнда инвестиция тарту, құрылыс нысандары бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ұлт мақтанышына айналған елорда – ел тарихындағы айтулы жетістіктердің бірі. Сарыарқаның төрінен орын тепкен баянды болашақтың ордасындай болған ару қаланың келбеті өзге мемлекеттерге жарқын үлгі көрсететіні анық.

 

                                                           

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...