
Бұл заң жобасы қазір қоғамда қызу талқыға түсуде. Бір тарап заң елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуге көмектеседі десе, екінші тарап заңның қабылдануына мүлде қарсы. Мұның себебі неде? Тілшіміз анықтап көрді. Оксана 23 жаста, ал бауыры 6 – да. Олардың ата – аналары жоқ. Аналары көз жұмған. Қазіргі таңда бауырының тәрбиесін өз мойнына алған. Ара-тұра ата – әжесі көмектеседі. Бүгінде Оксана жұмыспен қатар оқуына да үлгеріп жүр. Жақында амалсыздан қоғам белсендісі атанды. Себебі, оны жуырда қабылданбақ жаңа заң жобасы алаңдатқан. Сондықтан ол Өскеменде заңды қабылдауға қарсы қол жинауға бастамашы болды. Бүгінде петицияға Қазақстанның басқа қалаларындағы азаматтар қол қойып, қолдау білдіруде. Заң жобасына қатысты жергілікті тұрғындар пікірі қақ айырылды. Дегенмен, заңның осы қалыпта қабылдануына жұрттың көпшілігі қарсы. Себебі: Заңгер Мадияр Аймырзаұлының айтуынша, бұл заң жобасының бұлыңғыр, түсініксіз тұстары көп. Сондықтан қайта қарап, пысықтап шығу қажет. Ал, дәл қазіргі қалпында қабылдануына түбегейлі қарсы. Өскемендік Жұлдыз Ақтанжанова 4 баланың анасы. Содан да болар әр перзентінің тағдырына, болашағына алаңдаулы. Қазақ қоғамы бұл заңды қабылдауға әлі дайын емес дейді ол.