ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Елбасы жолы

13:30, 30 қараша 2021

Өскеменде Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Елбасы жолы» деп аталатын дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шараға университет студенттері мен оқытушылары, сарапшылар мен  ғалымдар және қоғам қайраткерлері қатысты. 1-жетоқсан Тұңғыш президент күніне орай ұйымдастырылған дөңгелек үстелде Елбасының тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне қосқан еңбегі зор екені айтылды.Аталмыш жиында  сөз сөйлеген ғалымдар «осы елде оқып, осы елде өнген әрбір саналы ұрпақ Елбасының ерен еңбегін мойындай алуы керек» деген сөздерді айтты. Қазіргі Қазақстанның жетістіктері еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен тығыз байланысты екені белгілі. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын» демекші, ел басына ауыр күн туғанда тынбай еңбек етіп, мемлекеттің бүгінгі деңгейдегі «Қазақстан Республикасына» айналуына үлкен үлес қосқан тұңғыш президент қандай да қошеметке лайық, дейді шараны ұйымдастырушылар. Дөңгелек үстелге жиналған зиялы қауым да Нұрсұлтан Әбішұлының атқарған еңбегі орасан екенін сөз етті. Оның ішінде Елбасы бастамасымен қолға алынған «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқып келген жастар туралы да сөз қозғалып, олардың Отанымызға тигізер пайдасы жайлы әңгіме өрбіді.Дөңгелек үстелде Нұрсұлтан Әбішұлының  еңбектерінен басқа университет қабырғасында жүріп, спорт саласында нәтиже көрсетіп жүрген жастарды да марапаттау рәсімі өтті. "Кәсіптік оқыту" мамандығының 4 курс студенті Құрбанбек Төсеген Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жауынгерлік өнерден жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем кубогында және алғашқы қазақ генералы Сабыр Рахимовтың жүлдесіне арналған жарыста жеңіске жеткен. Құрбанбек өзінің марапатттаудан алған әсерімен бөлісті.Атаулы мерекелерге орай өткен дөңгелек үстелде әртүрлі саланың мамандары сөз алып, баяндама оқыды. Елбасының еңбегін дәріптеу тек дөңгелек үстелмен шектеліп қалмақ емес, университет қабырғасында бұдан да өзге шаралар студенттердің қатысуымен жалғасын табады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар