ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

«ЕЛБАСЫ. ТӘУЕЛСІЗДІК. ПАРЛАМЕНТ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

13:30, 23 қараша 2021

«Елбасы. Тәуелсіздік. Парламент». Елордада осындай атаумен Тұңғыш Президент күніне арналған халықаралық конференция өтті. Тәуелсіздіктің  30 жылдығы аясында ұйымдастырылған шараға Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан, Ресей, Словакия парламенттерінің басшылары және халықаралық ұйым өкілдері қатысты.Қазақстан тауелсіздігінің 30 жылдығы – тарихи белес. Еліміз егемдік алғаннан бері талай қиындықты еңсеріп, толағай табысқа қол жеткізді. Әрбір жеңіс тікелей Елбасының атымен байланысты.Шетелдік меймандар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетті қалыптастырудағы ерен еңбектерін айтты. Қазақстанда саяси жүйені жетілдіру және тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.Форум аясында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бірнеше кездесу өткізіп, басқа елден келген әріптесімен парламентаралық ынтымақты дамыту мәселелерін талқылады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар