ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

ЕЛ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ ТҮРІЛУ КЕРЕК

13:32, 13 мамыр 2022

Халыққа билікті қайтарып беру керек. Экономикалық ресурстардың барлығы елмізге қызмет етуі қажет. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров Өскеменде өткен жиында осылай деді. Облыстық және қалалық мәслихат депутатары бас қосқан отырыста Конституцияға енетін өзгерістер мен түзетулердің маңыздылығы жөнінде сөз қозғалды. Бірқатар мәселелер талқыланды. Ұсыныстар айтылды.

Елдігімізді әлемге паш еттік. Шекарамызды шегендедік. Десекте, түйткілді де түйінді мәселелерміз аз болмай тұр. Дер кезінде шешімін тауып отырмасақ алдыға жылжуымыз екіталай болмақ. Мәжіліс депутаты Ерлан Саировтың пікірі осындай. Оның айтуынша ауыл-аудандарға дәл қазірден көңіл бөлінуі ләзім. Шекаралық аймақтарды дамытуды қолға алмасақ тиреториялық тұтастығымызға залал келуі мүмкін. Кезінде кеткен саяси қателіктердің салдарын шекаралық аудандарды жапқаннан кейін Катонқарағайдан халықтың 60 пайызы, Марқакөлден 65 пайызы, Тарбағатайдан 55 пайызы көшіп кеткен.

Мәжіліс депутаты халықтың қордаланған мәселелерін жіпке тізкендей айтты. Көпшіліктен аталған түйінді істер бойынша заңды тұрғыда жазбаша ұсыныстар жіберулерін сұрады. Елдің басқада мәселелеріне құлақ түрді.

Аталған жиынға қалалық мәслихаттың «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері және  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Басқосуда республикалық референдумның маңыздылығы түсіндірілді. Кездесу барысында облыстық және қалалық мәслихат депутатары ұсыныстар айтып, өз пікірлерін ортаға салды.

Ел басшысының  5 мау­сымға белгілеген референдумының арқасында  Ата заңның 33 бабына жаңадан өзгеріс енгізіледі. 20-дан астам заң жаңаша жазылады. Осы арқылы еліміздегі саяси жүйе мен басқарудың қайта құрылуы жүзеге асады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
17:15, 19 мамыр 2022
ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАС...
Толығырақ...
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...