ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Ел өміріндегі елеулі оқиға

17:15, 23 мамыр 2022

Референдум - ел игілігі үшін жасалған маңызды қадам. Бұл әрине, мемлекет үшін алдағы уақытта конституциялық реформаларды жүзеге асыруда тарихи маңызды саяси оқиға. Референдум арқасында Ата Заңымыздың үштен бір бөлігі өзгерістер мен толықтырулар арқылы жаңа мазмұнға ие болмақ.      

Республика түбегейлі өзгерістердің алдында тұр. 5 маусымдағы референдумға бейжай қарамай, белсенді қатысу – әрбір тұрғынның азаматтық борышы, дейді қоғам белсенділері. Конституцияға енгізілгелі отырған өзгерістерде мемлекеттің басты капиталы – халқы және елдің, жердің иесі де сол халық екенін айқындайтын басымдықтар бар. Осы арқылы Жаңа Қазақстанның іргетасы қаланып, кемел келешектің бағыты анықталады. 

 Референдумға санаулы күндер қалды. Жұрт өз таңдауы арқылы еліміздің саяси дамуының жаңа кезеңіне қадам жасайды. Қоғам белсенділері әрбір азаматты оқиғаға белсенді атсалысуға шақырады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар