ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Экологиялық таза сөмкелер

13:32, 20 қаңтар 2022

Қоршаған ортаға зиянын тигізбей, халықтың қажетіне жарап жатқан заттарды экологиялық өнімдер деп жатамыз. Бүгінде Өскеменде дәл осындай тиімді кәсіппен айналысатын азаматтар көбейіп келеді. Кейбірі тіпті білгенімен бөлісіп арнайы шеберлік сабағын өткізді.

Бақытжаннұр Бақытқызы бала күнінен өзіне жақын болған қолөнер шеберлігін бүгінде кәсіпке айналдырып отырған бойжеткен. Қазіргі қоғамда жастар арасында ерекше сәнге айналып үлгерген эко-сөмкелерді жасаумен айналысады. Бүгінгі шеберлік кездесуде әр түрлі жастағы қолөнерге қызығушылығы бар адамдарды шақырып, өз қолымен тігін тігудің тәсілдерімен бөлісті.

Тұрмыста қолданылатын  кейбір өнімдер немесе олардың қалдықтары табиғат үшін зиянды болуы мүмкін. Оның шешімі ретінде таза өнімдерден жасалатын бұйымдар пайда болуда. Эко-сөмкелерге арналған мастер классқа қатысушылардың бірі Татьяна Колесникова. Оның айтуынша бұл пайдалы іс қана емес, жеке тұлғаны дамытуға көмектесетін көңілді шаралардың бірі.

Аталмыш сөмкелер пайдасымен ғана емес сәнімен де жұртшылықтың көңілінен шығуда.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
17:15, 19 мамыр 2022
ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАС...
Толығырақ...
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...