ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Екіжақты келісім

13:30, 29 қараша 2021

Өскемендік «Май» акционерлік қоғамы - күнбағыс майын өндіретін еліміздегі ірі, әрі жетекші кәсіпорынның бірі. Тазартылған май өндірісі бойынша ішкі нарықтың 35%-дық үлесіне ие. Мекеме басшылығы өндіріс қуаттылығын арттырып, құрылғыларды жаңалап, автоматтандыруға ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатпен инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Қаржыландыру бағытында жергілікті зауыт «Сбербанк» акционерлік қоғамы еншілес банкінің Өскемендегі филиалымен екіжақты келісімшарт жасасқан.Өскемендік май зауыты жергілікті шаруалардан сатып алынатын шикізат есебінен, жыл сайын 100 мың тонна майлы дәндер өңдеп, «экологиялық таза өнім» алуда. Осылайша өнеркәсіп мемлекеттік бағдарламалар негізінде несие алудың арқасында өндіріс көлемін ұлғайтып, қалдықсыз технологияны іске асыру тетіктерін жетілдірді.Бүгінде кәсіпорынның 600-ден астам қызметкері бар. Өндіріс қуаты тәулігіне 130-150 тоннаға дейін дайын өнім алуға мүмкіндік береді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар