ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ӘКІМДІКТІҢ АЛДЫНА КЕЛІП НАРАЗЫЛЫҚТАРЫН БІЛДІРДІ

13:38, 29 сәуір 2021

Прокуратура, полиция, сот органдары мен сот орындаушыларының жұмысына шағымданған он шақты адам облыс әкімдігінің алдына келіп, наразылықтарын білдірді. «Құзырлы орындар арыз-шағымдарымызға ат үсті қарайды» деген тұрғындар аймақ басшысы Даниал Ахметовтің өзіне тікелей өтініш-тілектерін жеткізді. Әкімдік алдына шағымдана келген Тарасовтар отбасының мәселелері талай рет қоғам назарына іліккен. Ұлының өліміне қатысты  тергеу бойынша қылмыстық іс жабылған. Шешімге келіспеген отбасының арызын тыңдаған аймақ басшысы жауапты мамандарды тарта отырып, тағы бір мәрте кездесетіндіктерін жеткізді. Ал Арайлым Болтабаеваның жалғыз қызы 2018 жылы тау шаңғы базасында қайтыс болған. Сот отырысы өткен, шешімі шығарылды. Алайда, ананың айтар уәжі болған соң әкімдік алдына арнайы келді. Бұған дейін де Даниал Ахметовтың қабылдауында болып, әкім өз атынан министрлікке «тау шаңғысы базаларында ешкім лицензия алмайды, салдарынан адамдар жарақаттанып, қаза табуда, бірақ ешкімді жауапқа тарта алмаймыз» деген мәселені көтеріп хат жолдаған. Өз істері бойынша тексерудің әділдігіне күмәнданып, шындық іздеп келген өзге де тұрғындардың мәселесі бойынша барлық құжаттар егжей-тегжейлі зерттелмек.  Заңға негізделген қорытындыдан кейін тиісті шаралар қабылданатын болады,- деді әрбір арыз иесін жеке-жеке тыңдаған аймақ басшысы.  

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар