ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Әкімдіктегі шұғыл кеңес

13:33, 12 қаңтар 2022

Кеше Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. Осыған байланысты бүгін шаһар басшысы Жақсылық Омар қалалық әкімдіктің ғимаратына белсенділер мен қаладағы мекемелердің басшыларын жинап, шұғыл кеңес өткізді.

Жақсылық Омар депутаттар мен шаруашылық, әкімдік бөлімдерінің басшыларымен кездесті. Жиын барысында қала әкімі Президент үндеуіне бойынша әр бөлімге нақты тапсырмалар берді. Жұмыстардың белгіленген мерзімде орындалуы мен жедел әрекет етудің маңызды екендігін атап өтті.

Президент өз мәлімдемесінде елдегі жағдайды тұрақтандыру бойынша нақты міндеттер қойды. Ал жиынға келгендер өз тараптарынан  Қазақстанның дамуы мен өркендеуі бағытындағы жұмыстарға бар күш-жігерлерін салатындарын жеткізді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өз сөзінде «Сөзсіз басымдық – сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету. Бұл бүкіл қоғам дамуының ең маңызды факторы» деп, білім саласындағы бәсекеге қабілеттілік мәселесін шешуді міндеттеген болатын. Бұл бағытта бізге зиялы жастар керек.

Басқосу соңында қала әкімі мемлекеттік органдардың міндеті – ел Президентінің тапсырмаларын тиімді жүзеге асырып, халықтың билікке деген сенімін арттыру екенін айтты. Себебі қазақ қоғамы көптеген салада үлкен өзгеріс болады деп күтіп отыр.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар