ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Әкім міндеті – халық сенімін ақтау

17:15, 30 шілде 2021

Президент пәрменімен биыл алғаш рет өткен ауыл әкімдерін сайлау елдің саяси өміріне серпін берді. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауда баса айтылған қажеттілікті мемлекет басшысы елді демократияландырудағы және жергілікті басқару институттарын нығайтудағы маңызды қадам деп атады. Сарапшылар ауыл әкімін тағайындау демократиялық өзгеріске жол ашатындығына сенімді. Сондай-ақ, халық өзі жақсы танитын, етене араласатын адамды сайлауға ұмтылды. Яғни, керек сәтінде қолдап, кез келген уақытта арыз шағымын айта алады. Жақында ғана әкімі сайланған ауылдардың бірі Глубокое ауданындағы Веселовка ауылдық округінің тірлігі қандай? Веселовка ауылдық округіне қарасты екі ауылда бүгінде 1500-ға жуық тұрғын бар. Жері шұрайлы мекен. Сол себепті, егін шаруашылығы жақсы жолға қойылған. Ала жаздай алқапта еңбектеніп, мал өсіруді де қолға алған шаруалар аз емес. Жақында ғана өткен әкім сайлауында халық бірауыздан Ғабит Кісембаевты таңдаған. Оның бұл жақта тұрғанына отыз жылдан асты.  Соңғы 8 жыл көлемінде әкім лауазымында қызмет атқарып, міне биыл «халық сайлаған әкім» ретінде қызметін жалғастыруға кірісті. Иә, ауылды жарықтандыру, жол жөндеу, жұмыссыздықты шешу мәселесі өткір. Сол себепті, әкім өзіне артылған сенімді ақтауға мүдделі. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында үлкен өзгерістің іргетасын қалап берді. Бастысы, сең қозғалды. Ендігі мәселе – қоғамның талап-тілегін ескеру.

 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...