ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

ЕКІ КҮНДЕ 250-ГЕ ЖУЫҚ ЖОЛ ЕРЕЖЕСІ БҰЗЫЛДЫ

17:25, 19 қараша 2020

Өскеменде 2 күннің ішінде 250-ге жуық көлік жүргізуші жол ережесін бұзған. Солардың 31-і қауіпсіздік белдігін тақпаған, ал 61 құқық бұзушылық жаяу жүргіншілердің жол-көлік қозғалысы ережелерін сақтамауының салдарынан болып отыр. Жол-көлік апаттарын азайту мақсатында Өскеменде «Қауіпсіз жол» алдын-алу іс-шарасы өтіп жатыр. Шара қарашаның 18 мен 20-сы аралығында өтуде. Темір тұлпарды тізгіндеген жүргізушілер жол жүргенде ұялы телефонды қолдануды қояр емес. Аталмыш құқық бұзушылық бойынша қауіпсіздік ережесін ескермеген 24 жүргізушіге әкімшілік айыппұл салынды. Полиция қызметкерлері әрбір жүргізуші көлікті тізгіндегенде өзінің ғана емес, өзгенің де өміріне жауапты екенін естен шығармаса дейді.

Тақырып бойынша материалдар

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
13:38, 30 шілде 2021
Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар