ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Екі әскери қызметкер қаза тапты

17:15, 13 қаңтар 2022

Жамбылдағы тәртіпсіздікке қатысушыларды іздеу барысында екі әскери қызметкер қаза тапты. Жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде Қордай ауданы бойынша Шекара басқармасының офицері капитан Ерзат Карменов пен келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Шавкат Армидинов көлік апатына ұшырап, қаза тапты», деп жазылған ҰҚК таратқан хабарламада.

12 қаңтар күні Өскемен қаласында капитан Ерзат Карменовты жақындары соңғы сапарға шығарып салды. Ал қатардағы жауынгер Шавкат Армидиновты Алматы облысының Үлкен Дихан ауылында жерледі. Ерзат Карменов Шығыс Қазақстан облысы Боран ауылының тумасы. Мектеп қабырғасында белсенділігімен көзге түскен ол сыныптың топбасшысы болған. Қарапайым, білімді, әділдікті ту еткен Ерзат Карменов әрдайым көмек қолын созуға ниеттілердің қатарынан табылатын. Өзі қызмет еткен шекара бөлімшесі де өзгелерден оқ бойы озық болатын. Оның артында жары мен екі баласы қалды. Жасы небәрі 31- де еді. Қызмет барысында мерт болған әскерилердің ерлігі ұмытылмақ емес.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар