ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

ӘЙНЕК КӨПІР ӘДЕМІЛІК ҮШІН БЕ?

16:36, 4 қараша 2020

Өскеменнің орталығындағы жаяу жүргіншілерге арналған әйнек көпірдің сапасы сын көтермейді. Бұл -  қала тұрғындарының шағымы. Мұнда тіпті мүгедектерге арналып жасалған лифт те жұмыс істемейді. Тұрғындардың шағымы орынды ма, ал биліктің пікірі қандай? Көпірден өтсек болды шаң - тозаңнан көз ашпаймыз деп тұрғындар шағым айтқан соң көпірдің ахуалын білмекке аттандық. Алайда сыпырғышы мен қалағын ұстап, қасқайып тұрған тазалық қызметкері сын орынсыз айтылды дейді. Шынылы көпір 2018 жылы салынған. Бөлінген қаржы да қомақты. 380 миллион. Маманы тазалағанымен, бірақ адамына жасалған жағдайы мәз емес көпірдің. Бірнеше сатыдан тұратын нысанда әу баста лифт орнатылған. Мақсаттары мүгедек жандардың жүрісін-тұрысын жеңілдету . Алайда, лифтің аты бар да заты жоқ. Орнынан қозғалмайтын, қозғалып көрмеген лифтінің жырын айтып, Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысына жолдадық. Олар арнайы қызмет көрсететін мекеме жауап беретінін айтады. Жауап жауабымен, ал әйнек көпірдегі лифтінің әңгімесі біте ме, жоқ әдемі күйі тұра ма. Ол әдеттегідей уақыттың еншісінде.

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...