ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Егіс жұмыстары аяқталуға жақын

13:30, 23 мамыр 2022

Егін бітік шықсын, деп Бесқарағай ауданының шаруалары көктемгі дала жұмыстарын бастады. Осы айдың соңына дейін толықтай дақылдарды егіп, аяқтамақ. Биыл облыстағы егіс алаңдарының жалпы көлемі 1,4 миллион гектарды құрайды. Соның 60 мыңнан аса гектары Беқарағай ауданының шаруаларына тиесілі. Осы орайда Баскөл ауылдық округіне қарасты Қарағайлы ауылында арнайы семинар өтті. Жиынға сол аймақтағы 80-нен аса шаруалар қатысты.

Жердің дұрыс өңделіп, егіннің бітік шықпағы ең әуелі қолдағы техникаға байланысты. Семинарға қатысушылар «BI  Agro Group»  ЖШС-нің техикаларымен танысты. Қазақстанда құралған бірліктердің жай-күйінен ақпар алды. Білікті мамандардың  кеңесіне құлық түрді.

Жалпы  «BI  Agro Group»  ЖШС-де 21 ауыл шаруашылық  техникасы бар. Бұл бірліктерге мамандар әрдайым күтім жасап отырады. Бұзылған жерлерін уақтылы ауыстырады. Серіктестік басшысы Талғат Әбубәкіров аталған шаруашылықты әлі де кеңейтуді көздеп отырғанын айтады.

Аталған кәсіпорында қазіргі уақытта 9 тұқым сақтайтын қойма бар.  Алдағы уақытта қосымша тағы 2-ін салу жоспарлануда. Бұл орындарда тәулігіне 100 тонна тұқым кептіріледі.  Жалпы, өткен жылы ауданға ауыл шаруашылығы саласына 1 млрд. астам инвестиция тартылған. Оның 800 миллионы «BI  Agro Group»  ЖШС-нің үлесіне берілді. Бұл салынған инвестицияның ең көп бөлігін құрайды.

Жалпы ауданда 90 жуық егіс жұмыстармен айналысатын шаруа қожалығы бар.  Шаруалар сәтін салса алдағы жазды шығынсыз өткізуді көздеп отырмыз дейді. «Ол үшін көктемгі дала жұмыстарына дайындық ойдағыдай болуы ләзім. Биылғы жыл табысты болады» деген сенімде.

Аудандағы егістік жерлерін тиімді игеруге арналған семинар әрмен қарай мәдениет үйінде жалғасты. Жиын барысында шаруалар тарапынан әр түрлі сұрақтар қойылды. Аудан әкімі әзірге түйткілді мәселенің жоқ екенін атап, қиындықтарға туа қалса, дер кезінде шешіліп отыратын айтты. Сондай-ақ, игерілмей жатқан жерлер үкіметке қайтарылу керектігін де тілге тиек етті.

Жиын барсында 5-ші маусымда өтетін референдум жайында да сөз қозғалды. Ел президентінің «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауында айтылған ойлары түсіндірілді. Ата заңға енгізілетін өзгерістердің маңыздылығы баяндалды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар