ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Егін жинау науқаны

13:32, 8 қазан 2021

Катонқарағай ауданы экономикасының негізгі табыс көзін ауылшаруашылығы саласы құрайды. Мәселен, биыл мал және өсімдік шаруашылығы бағыттарын дамытуға құны 1 млрд.теңгені құрайтын 110 аграрлық жоба іске асырылды. Егістік алқаптарындағы дәнді дақылдарды жинау көрсеткіші де жоғары. Катонқарағайлық шаруалар биылғы егін жинау науқанын жақсы аяқтадық деп отыр. Қамбаны астыққа уақытылы толтыру үшін ең алдымен тегеурінді техника қажет. Ағымдағы жылы қожалықтар құны 1 млрд.376 млн. теңгеге 38 отандық және шетелдік ауыл шаруашылығы құралдарын сатып алған. Аталған салаға тартылған инвестициялар көлемі де анағұрлым артқан. Мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізілген  қаржыландыру жұмыстары  егін жинау науқанын сапалы жүзеге асыруға айтарлықтай әсер етті. Биыл Катонқарағай ауданындағы егістік алқабының жалпы аумағы 68,8 мың га жеткен. Оның ішінде дәнді дақылдар 18,5 мың  және майлы дақылдар 30 мың гектар жерге егілген. Дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 18,9 центнерді құрайды деп күтілуде. Ауданда жем-шөп дайындау науқаны да аяқталды. Алдағы қысқа 180 мың тонна шөп, 6 мың тонна  пішендеме; 7,5 мың тонна сүрлем, 16 мың тонна сабан мен 6 мың тонна жем дайындалған.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар