ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Әдеп жөніндегі кеңес отырысы

13:30, 6 мамыр 2022

Облыс орталығында әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл жолғы басқосуда кеңес мүшелері өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық қызметтерін атқару істері бойынша жинақталған материалдардың негізінде заңдылық, объективтілік пен әділдік тұжырымдасмасын іске асыру бағытында қолға алынған алдын алу іс-шараларымен қоса, бірнеше тәртіптік істі қарады. 

Өңірлік әдеп жөніндегі кеңес ең алдымен профилактикалық іс-шараларды өткізуге баса мән беретінін атап өткен жөн. Осы бағытта Шемонаиха ауданының әкімі аудандағы мемлекеттік қызмет саласында жүргізілетін кадрлық саясат, жалпыға ортақ заңнаманың сақталуы мен тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бойынша бүгінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.  

Дегенмен,  әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жиындарында  бірізді реттілікпен қаралып, күнтәртібінен түспейтін мәселе – тәртіптік істерді жекелей қарау болып отыр. Бұл жолы байланыс саласындағы аумақтық инспекция басшылары мен Жарма ауданына қарасты Шар қаласы әкімінің  жауапкершіліктері қаралып, лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.

Мемлекеттік қызметшіден өз ісіне адалдық пен заңды аттамай, тура жолмен жүруді, ар-ұждан қағидаттарына беріктікті талап ететін өңірлік әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы бүгінде жариялық сипатқа ие. Қазіргі уақытта істелінген жұмыстың нәтижесі басылым беттерінде жарық көруде. Сонымен қоса, әлеуметтік желілер арқылы кеңес мәжілістерін онлайн трансляцияға қосу жоспарлары бар. Нұрлан Еркебаевтың айтуынша, әрбір жиын соңында тиісті уәкілетті органдарға жөнелтілетін кеңестің ұсынымдары бүгінде толықтай орындалуда.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар