ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Дін және қоғам

13:33, 27 маусым 2022

Діндарлық және дін қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Бейресми ұйымдардың залалынан көбінесе жастарға қауіп төніп жатады. Осы мақсатта облыста деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған жиын өтті.

ШҚО-да ақпараттық-түсіндіру жұмыстары халықтың барлық топтары арасында жүргізіледі. Бұл қызмет ең алдымен конфессияаралық қатынастарды нығайтуға, тұрғындардың діни және құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Еліміздің әрбір азаматы дін саласында толық және дәйекті ақпарат алуға конституциялық құқығы бар.

Қоғамда радикалды идеологияның насихатталуына жол берілмейді. Азаматтармен кездесулерде тек теологтар ғана емес, психологтар да, халықты әлеуметтік қорғау қызметкерлері де жұмыс істейді.

Жиналғандар діни саладағы мемлекеттік саясаттың рөлі мен радикалды идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру бойынша өзара пікір алмасты. Айта кетейік, ШҚО-да барлығы 20 ақпараттық-түсіндіру тобы құрылған, оның құрамында 270 адам бар.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар