ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Дәстүрлі ән кеші

13:40, 3 шілде 2021

Өскеменде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ұлттық домбыра күніне орай талантты әнші, сазгер, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Тұрсынғазы Рахимов атындағы республикалық фестиваль өтті. Концертте жергілікті әнші-күйшілермен қоса, Алматы, Нұр-Сұлтаннан келген дарын иелері өнер көрсетті. «Жансерігім – домбыра» деп саналы ғұмырын төл өнерді дәріптеуге арнаған әнші, сазгер Тұрсынғазы Рахимовтың есімі елге кеңінен танымал. Ол отыз жыл бойы қазақ даласын аралап, қалың қауымды өнерімен тәнті еткен. Тыңдармандары мен шәкірттері оның ән айтуы ешкімге ұқсамайтын, ерекше болғанын айтады. Тұрсынғазы Рахимовтың «Қазағым-ай», «Аягөз ару»,  «Сәби болғым келеді» сияқты тағы да басқа көптеген әндері әлі күнге дейін халықтың жадында. Мәдени шара карантин талаптарын сақтай отырып өткізілді. Сахнада өнер көрсеткен әншілер мен күйшілер елдің ықыласына бөленді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...