ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Дауылды ескерту

17:30, 23 қараша 2021

Облыстың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы қалыптасады. Өскеменде секундына 18 метрге дейін соққан қатты желдің салдарынан кей мектептердің бастауыш сыныптарында сабақтар тоқтатылды.Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ауа-райының тосын мінез таныстуына байланысты жол бойында қалып қойған азаматтарсаны азаймай тұрғанын айтады. Қазіргі таңда кейбір автомобиль жолдары жабылған. Мәселен, кеше кешкісін Тарғын мен Алғабас ауылдарының арасындағы жолда Toyota маркалы автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар көлік иесін Тарғын ауылына дейін арнайы техниканың көмегімен жеткізген. Естеріңізге сала кетейік, егерде сіз  төтенше жағдайға тап болсаңыз 112 жедел желісіне қоңырау шалуыңызға болады. Құтқарушылар сондай-ақ дауылды ескерту  жайлы хабарламаларды мұқият оқып, ауа-райының қолайсыз жағдайында қала сыртына шықпауға кеңес берді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар