ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ

17:23, 18 мамыр 2021

Шығыс Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды. 19 мамырда күндізгі уақытта, 20 мамырда тәулік ішінде кейбір жерлерде қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Ал 21 мамыр күні күн суытып, жауын-шашын соңы қарға ұласуы мүмкін. Сондай-ақ осы уақыт аралығында кейбір жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғуы ықтимал. Синоптиктер бұршақ жаууын да болжап отыр. 19-21 мамырда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, желдің жылдамдығы кейбір жерлерде 15-20 м/с, 19-20 мамырда екпіні 23-28 м/с-на дейін жетеді. 20 мамырда күндіз ауа температурасы 10-15, кейбір жерлерде 7 градус жылыға дейін күрт төмендейді. 21 мамырда түнде кейбір жерлерде сынап бағанасы 3 градусқа дейін төмендеп,  үсік жүруі мүмкін.


 

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...