ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Дарынды жастармен кездесу

17:16, 4 мамыр 2022

Облыс әкімі «Балалар жылы» аясында дарынды оқушылар және студенттермен кездесті. Өскемендік оқушылар соңғы бір жылда халықаралық және республикалық білім  сайыстарында 208 медаль қанжығалады. Оның 60-ы алтын болса, 66-ы күміс, 82-сі қола жүлде.

 Соңғы үш жылда өңірдегі колледж студенттері WorldSkills халықаралық чемпионатында жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Аталмыш чемпионатта студенттер өткен жылы 27 медаль иеленген. Талантты да талапты жастардың шыңдалуына, білім алуына жағдай жасалып келеді. Себебі еңбек нарығында олардың бәсекеге қабілетті болуы маңызды.

Кілең үздіктер жиналған басқосуға түрлі олимпиада мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары жиналды. Ал өз кезегінде зияткер, дарынды оқушылар жетістіктерімен бөлісті. Басқосуға жиналған дарынды оқушылардың арасындағы ең кішкентайы – 10-да. Семей қаласынан келген Әлихан Тоқтарғазының алға қойған мақсаты айқын. Болашағынан зор үміт күттіреді.

Аружан Жақсыбаева  - болашақ педагог. Ол WorldSkills Kazakhstan – 2021 чемпионатының бастауыш сыныптарда оқыту құзыреттілігі бойынша қола жүлде иегері.

Барлық қатысушыларға облыс әкімі диплом мен мақтау қағаздарын табыстады. Ал WorldSkills Kazakhstan халықаралық чемпионатының жеңімпаздарына ноутбуктар, дарынды оқушыларға 100 мың теңге көлемінде арнайы сертификаттар берілді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар