ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

ДАЛАДАҒЫ ДӘРЕТХАНАЛАР АЗАЙДЫ МА?

16:12, 5 қараша 2020

Жамбыл облысында өткен жылы болған жайсыз жағдай талай жанның денесін түршіктірген еді. Сыртта орналасқан әжетханаға сұранып кеткен оқушыға қаскөй зорлық көрсеткен болатын. Бұдан кейін Жамбыл облысы мектептері аумағындағы дәретханаларды жою мәселесі көтеріліп, бірнешеуі бұзылды. Мектеп ішіне көшірілді. Ал Шығыстағы жағдай қандай?

Шағын қалалар мен ауылдардағы мектеп ішіндегі әжетханаларға оқушыларға кіруге рұқсат жоқ. Дәретхана кілті не мұғалімде, не директордың орынбасарында ғана болады. Күннің ыстығы, не суығына қарамастан есігі мүлде тарс жабық тұрады. Аязды күні дірдектеген балалар далаға баруға мәжбүр болып жатқан жайттар да жоқ емес. Неге? Бәлкім еден жуушы қайта-қайта бір еденді сүртуден шаршайтын шығар?

Облыстық білім басқармасында отырған атқамінерлер оқыс оқиғаның аймақта болмауы үшін қандай жұмыстарды атқарып жатыр?  Мектеп ауласындағы дәретханалар  білім ордасының ішіне көшті ме? Әлде, коронавирус жоспарды кейінге шегерді ме? ШҚО Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшылығы аталған бастаманың уақытылы орындалуын қадағалап отырғандығын айтады. Жыл соңына дейін барлық мектептер даладағы дәретхананы ішке көшіруі тиіс. Өйтпеген жағдайда пәрменге бағынбаған азаматтар жауапқа тартылуы мүмкін.

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...