ШҰҒЫЛ! ЖАҢА БАСПАНАЛАР ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«ДАЛА ДИДАРЫ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ

13:30, 9 сәуір 2021

Кеше Өскеменде «Дала дидары» атты өнер фестивалі басталды. Мәдени шараның мақсаты – ел ішіндегі танылмай жатқан таланттар мен жастардың өнерін шыңдау. Облыс орталығында алғаш рет ұйымдастырылған фестивалдің шымылдығын Көкпекті ауданының өнерпаздары ашты.  Шара барысында Көкпекті ауданының көрмесі ұсынылды. Экспозицияда ауданның 20-ға жуық суретшісінің кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылып, өнерпаздар өнерін паш етті. Шебердің қолынан шыққан әр туындының өзіндік ерекшелігі бар. Оның артында тынымсыз еңбек пен шығармашылық стиль тұр. Ағаштан күйдіріп портрет жасау кез-келген шебердің қолынанкеле бермейтіні анық. Айта кетейік, «Дала дидары» атты өнер фестивалі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы тұжырымдарды жүзеге асыру мақсатында өткізіліп жатыр. Өскелең ұрпаққа ұлттық салт-дәстүрді ұлықтайтын, рухани құндылықтарды насихаттайтын көрме Шығыс Қазақстан өнер музейінде мамырдың 16-сына дейін жалғасады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН БА?
13:34, 17 мамыр 2021
ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН БА?
Толығырақ...
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙТЫН ҚОР АШЫЛДЫ
13:30, 17 мамыр 2021
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙТЫН ҚОР АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар