ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

COVID-19:Қазіргі ахуал

17:19, 21 шілде 2021

Қауіпті індеттің алдын алып, қалыпты өмірге қайта оралу үшін,Өскеменде арнайы шаралар легі қолға алынды. Мәселен, науқастардың дерттен құлан таза айығулары үшін медицина мекемелері қайта жарақталды. Қазіргі таңда ауруханаларда вируспен күресу үшін керек-жарақтың бәрі бар. Тиісті ем-дом жүргізетін мамандар да жеткілікті. Облыс орталығында тұрғындар арасында COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында  тағы қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Өскемендегі №4 ауруханада жағдайы ауыр науқастар ем алады. Бұл жерде дәрігерлер күн сайын адам өмірі үшін күресіп жатыр. Аурухананың бас дәрігері Сергей Поповтың айтуынша, қажетті дәрі-дәрмектер мен жауапты мамандардың барына қарамастан, індеттің бетін қайтару оңай  болмай тұр. Оған себеп, пандемияның  қайтадан өршіп,науқастар санының күн санап көбеюі. Ауруханға тыныс алу жолдарында кінәрәті бар науқастар жатқызылады. Жалпы мекеме 150 орынға шақталған. Қазіргі уақытта жатар орынның  80% - ы толып қойған. Емделушілердің  айтуынша, дәрігерлер қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Ал мекеме  қызметкерлері өз кезегінде науқастарға қолайлы жағдай жасау үшін бар күшін салып жүр. Індетпен күрес басталған тұста медициналық мекеме әлемдік стандарттарға сай келетін құрал жабдықтармен толық қамтылды. Дегенмен, дәрігерлер тұрғындарды  «Аурып ем ізденгеше,ауырмаудың жолын іздеуге»шақырады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
13:38, 30 шілде 2021
Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
13:34, 27 шілде 2021
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
Толығырақ...