ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Цифрландыру – дамудың кілті

17:16, 5 мамыр 2022

Халыққа қызмет көрсету орталықтарын үлкен  өзгерістер күтіп тұр. Бұл туралы  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин былтыр мәлімдеген болатын. Осыған орай аймақта аталған басатаманы дамытуға бағытталған жобалармен таныстыру мақсатында баспасөз кеңесі өтті.

Жаңа ұлттық жоба «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» деп аталады. Негізгі мақсат - елімізді заманауи мемлекетке айналдыру, цифрлық трансформация арқылы тиімді мемлекеттік басқаруды, сенімді деректер негізінде шешімдер қабылдауды қамтамасыз ету, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылыми үлесін арттыру. Ал облыстық цифрландыру және архивтер басқармасының бөлім басшысы Лариса Миллер аймақта осы мақсаттың уақытылы орындалуын тежейтін түйткілді мәселелер бар және ол интернет желісіне байланысты, - дейді.

Кеңесте көтерілген мәселелердің тағы бірі-ІТ- саласын дамыту. Жауапты мамандар, алдағы уақытта осы салаға қатысты жаңа жұмыс орындарының ашылатындығын айта кетті. Сондай-ақ «Smart City» тұжырымдамасының маңызын, оның қалай іске асатынын да жеткізді.  «Smart City» - бұл халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және қалалық инфрақұрылымға ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу арқылы қалалық қызметтер жұмысының тиімділік деңгейін арттыру.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар