
Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салу жобасы өткен жылдың аяғында басталды. Барлық конкурстық шаралардан кейін 200 млн теңге көлемінде ақша бөлініп, дайындық жұмыстары бастау алды. Биыл республикалық бюджеттен 700 млн теңге, облыстық бюджеттен 300 млн теңге бөлінді. Айта кетер жәйт, көпір салу жұмыстарына қосымша республикалық бюджеттен тағы 5 млрд теңге бөлуге өтініш жіберілген.