ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Бұқтырма СЭС-ын цифрландыру

17:16, 22 маусым 2022

Аймақтың ең ірі, мықты салынған құрылыс ғимараттарының бірі Серебрянск қаласында орналасқан. Бұқтырма су электр стансасы 9 баллға дейін жер сілкінісіне төтеп бере алады. Бұл орынды «КазЦинк» компаниясы ұзақ уақытқа жалға алған. Соның арқасында Қазақстанның ең қуатты стансасы 80%-ға дейін жаңартылып отыр.

Бұл құрылыстың маңыздылығын атап өтпеу қиын. Бұқтырма гидроэнергетикалық кешені Қазақстандағы ең қуатты су электр стансаларының бірі. "Қазцинк" компаниясына ұзақ мерзімге жалға берілген стансаның бүгінгі келбеті басқаша. Аймақтағы алып өндіріс орны құйған қомақты қаржының нәтижесінде оң өзгерістер орнады. Болат Жансиев бұл жерде  2000 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның айтуынша, еңбектеніп, тер төккен 20 жылда Бұқтырма су электр стансасы айтарлықтай жаңаланды. Бұл сөзді қызметкер даму жолын өз көзімен көрген соң айтады.

Электр цехының бастығы атап өткендей, жедел ток жүйесі сақинаға жинақталған, бұл авариялық жағдайда бірден екі аккумулятор батареясын іске қосуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, апаттық жағдайлар кезінде энергиясыз қалмау үшін құрылыста арнайы қосымша дизель-генератор қондырғысы орнатылды. Ол да стансаның ең қажетті жұмысын орындауға керекті қуат беріп, қосылуға пайдасын тигізеді. Ал ең маңызды модернизациялау мысалы – электр стансасын енді қашықтықтан-ақ басқара алуда.

Жаңа мүмкіндіктер үшін талап етілетін жауапкершілік жүгі де әдеттегіден де көп. Бұл құрылғыларды қолдана білу үшін білікті де білімді мамандар қажеттігі сөзсіз.

2028 жылға қарай Бұқтырма су электр стансасының өнімділігі 45 мегаватқа артады деп күтілуде. Бұл қосымша орта қуатты электр стансасын салғанмен тең. Соңғы 25 жыл ішінде "ҚазЦинк" нысанды қайта жарақтандыруға 14 миллиардтан астам теңге жұмсаған. Осылайша Бұқтырма стансасы елдегі ең заманауи су электр стансаларының біріне айналды. Айта кетейік, Бұқтырма су қоймасының бөгеті әлемдегі ең берік бөгеттердің бірі деп танылған. Сала мамандарының айтуынша, нысан әлі 900 жылға дейін  осы мықтылығын сақтап қалады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
17:19, 22 маусым 2022
ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
Толығырақ...