ШҰҒЫЛ! Жаңа орталық ашылмақ Толығырақ

Бизнесті дамытуға арналған грант

13:30, 5 қазан 2021

Риддер қаласының  бірнеше тұрғыны "Бастау бизнес" жобасы аясында өз істерін ашуға мүмкіндік алды. Мемлекеттің бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлікке бет бұрған азаматтар бизнес-жоспар құрып, оның өзектілігін дәлелдеп, артынша бастаманы жүзеге асыруға 583 мың теңгенің грантына ие болады. "Бастау бизнес" жобасы 2017 жылы қабылданған "ЕҢБЕК" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Осы уақыт ішінде ондаған адам кәсіпкер болуға мүмкіндік алды. Олардың қатарында аз қамтылған және көп балалы отбасы мүшелері,студенттер, еңбекке қабілетті мүгедектер мен қоныс аударушылар бар. Барлығына бизнес негіздері үйретіліп содан кейін қатысушылар өз жобаларын жүзеге асыру үшін ақша салуға міндетті.  Мысалы, Ирина Бородкина - көпбалалы ана. Ол ісін жаңа бастаған кәсіпкер. Тренингтен кейін өзінің жеке шығармашылық шеберханасын ашқан. Шеберханада кәсіпкер әртүрлі жастағы адамдарға кәдесый жасауды, қабырғаларды бояу сынды  жұмыстарды үйретеді. Грант шеңберінде алынған ақшалай қаражаттар қымбат тұратын жабдықтарға жұмсалады. Жалға алу және басқа да қажеттіліктерді кәсіпкерлер өздері төлейді.Грантқа ие болғандардың бірі-Тамирлан Далабаев. Айтуынша оның бұрыннан бизнеске деген қызығушылығы жоғары.  Ол ойлана келе шаштараз қызметін ерлерге ұсынуды жоспарлаған.  Айта кетейік, биыл "Бастау бизнес" жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін меңгеруге ниетті азаматтардан 44 өтінім келіп түскен, оның 30-ы  бірауыздан қабылданған. Жобаларды іске асыруға республикалық бюджеттен 17,5 миллион теңге бөлінген. Нәтижесінде барлық 30 бизнес-жоба іске асырылды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
13:32, 21 қазан 2021
Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
Толығырақ...
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
13:30, 20 қазан 2021
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар