ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

БІЗ КӨП БІЛЕ БЕРМЕЙТІН МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ

17:17, 5 наурыз 2021

8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында арнамыздың тілшілері жұмысын жұрт көп біле бермесе де, ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген нәзік жандылармен кездесіп қайтты. Бүгінде әйелдер қауымы ер азаматтармен қатар барлық салада еңбек етіп келеді. Арасында қауіпті қызметте жүргендері де бар. Мәселен, түрме немесе тергеу изоляторларында тек ер азаматтар ғана жұмыс істейді деген пікір қалыптасқан. Ал Өскемендегі 156/20 ерекше тәртіптегі түзеу мекемесінде нәзік жанды дәрігерлер жұмыс істейді. 156/20 түзеу мекемесінде зорлау, кісі өлтіру сияқты аса ауыр қылмыс жасағандар мен бірнеше рет сотталған 300-ге жуық адам жазасын өтейді. Дегенмен, медициналық бөлімде ақ халатты абзал жандар сотталушылардың жасаған қылмыстарына қарамастан, оларға қолымыздан келгенше көмектесеміз дейді. Түзеу мекемесінің медициналық бөлімінің басшысы Иван Барабаштың айтуынша, әйел қызметкерлерге абақты басшылығы құрметпен қарайды. Сондай-ақ, мекемеде жұмыс істейтін 30-ға жуық әйелдің басым көпшілігі осы медициналық бөлімнің қызметкерлері.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар