ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

«Біз - ел патриотымыз» форумы

17:17, 4 маусым 2021

Бүгін ҚР мемлекеттік рәміздері күнінде жастарға арналған онлайн-форум өтті. «Біз - ел патриотымыз» деп аталатын шараға 8 елдің өкілдері қатысты. Жиынға шығысқазақстандықтар да қосылды. Форумға Франция, АҚШ, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Белоруссия мен Ресейдің жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты. Олардың дені жергілікті мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін жастар мен мәслихат, ҚР Парламентінің жас депутаттары. Олардың арасында «Болашақ» бағдарламасының түлектері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушылары, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер, шығармашыл азаматтар бар. «Біз - ел патриотымыз» деп аталатын жиын Оpen space форматында ұйымдастырылған. Шараның мақсаты – бүгінгі жаһандану кезеңіндегі  жастардың рөлін анықтау және әлеуметтік белсенді, креативті өскелең ұрпақты қалыптастыру мен халықаралық жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау дейді ұйымдастырушылар.  Облыс әкімі Даниал Ахметов қазіргі күні жастардың сапалы білім алып қалаған ісімен айналысуға толық мүмкіндігі барын атап өтті. Соның бірі әлемнің үздік ЖОО-да оқуға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасы. Жастардың бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында «Білікті маман» өңірлік жобасы жүзеге асты. Оның аясында елдің 7 республикалық ЖОО-да аса сұранысқа ие мамандықтарда шығысқазақстандық өрендер білім алуда. Сонымен қатар, Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға бағытталған «Жас маман» бағдарламасымен облыс колледждерінде WorldSkills халықаралық талаптарына сай жабдықталған 5 құзыреттілік орталығы ашылған. Бұған қоса түрлі олимпиадалар мен шығармашылық фестивальдарда, спортта Шығыс жастары айбынды асқақтатып жүр. Аймақ басшысының айтуынша, «100 жаңа есім» жобасы қолға алынғалы 18 шығысқазақстандық жеңімпаз атанған. «Бұл – егемен елдің жастарының жарқын жемісі» деді Даниал Ахметов. Облыс жастары мемлекеттік қызметте де мықтылық танытып жүр. Президенттің жастар кадрлік резервіне өңірден 6 адам өткен. Ал, соңғы екі жылда аймақтың қыз-жігіттері қайырымдылық жасаудан қалыс қалмай келеді.  Бір ғана «Біз біргеміз» акциясына 7 мың адам атсалысып, игі істерімен ерекшеленген.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...