ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

БИЫЛ ОННАН АСТАМ КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

17:19, 12 мамыр 2021

Биыл Семейдегі көшелердің орташа жөндеу жұмыстарына қалалық бюджеттен 475 миллион тенге бөлінді. Нақтырақ айтқанда, аталмыш қаржыға 11 көше жөнделетін болады Шаһардағы сондай көшелердің бірі - Паровозная. Аумағында №25 орта мектеп пен нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат орналасқан.     Аталмыш көше бойында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазір тек астыңғы қабаты ғана төселді. Орташа жөндеу жұмыстары 10 жылдай уақыт жөндеу көрмеген Севастопольская көшесінде де жүргізілуде. Оған 28 млн тенге бағытталған. Мұнда екі қабат асфальтбетон төселген. Қазір №23 мектеп пен өзге де нысандарға кіреберіс жолдар жасалуда. Жалпы «Гордорстрой» ЖШС 11 көшеде орташа жөндеу жұмыстарын атқаруда. Олардың қатарында Кардонная, Грязнов, 3-проезд, Алтайская, Сыбанов, Теміржолшылар кенті, Синицын,  Стальская және Құлжановтар көшелері бар. Айта кетерлігі, өзге де көшелерді қалыпқа келтіру үшін облыстық бюджеттен қосымша қаражат бөлініп отыр.    Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға Әуезов даңғылы мен тағы бірнеше көше жөнделеді деп жоспарланып отыр. Әзірге байқау шаралары өткізілуде.

 

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...