ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ ТІРЛІК ТЕ БАР

17:15, 3 наурыз 2021

Ұлтаралық келісімнің шаңырағы іспеттес ең алғашқы Достық үйі Өскеменде 1992 жылы ашылды. Әуелде облыста 9 этномәдени бірлестік болса, бүгінгі күні өңірде116 этномәдени бірлестік бар. Оның 22-сі Өскемен қаласында орналасқан.  Достық үйі ашылғанда ең алғаш Славян этномәдени бірлестігі құрылды. Өз жұмысын 1990 жылы бастаған ұлттық этномәдени бірлестіктің шаңырақ көтергеніне биыл 31 жыл толады. Осы уақыт аралығында аға буын жастарға славян мәдениеті мен дәстүрін дәріптеп келеді. Галина Миллер – неміс этномәдени бірлестігінің және «Майглекхен» ансамблінің мүшесі.  Неміс халқының ән өнерін, қолөнерін, салт-дәстүрін қайта жаңғырту жолында еңбек етіп келеді. Сол себепті қалада өтетін барлық мәдени шаралардан тыс қалған емес. Оның айтуынша, береке мен бірлік, ырыс-ынтымақ бар жерде ғана татулық болады. Бүгінде өңірде 100-ден астам диаспораның өкілі тұрады. Этномәдени бірлестіктер елімізді мекен еткен ұлыстардың салт-дәстүрін дәріптеп, береке-бірлікті нығайту бағытында еңбек етеді. Бейбітшілік пен келісімнен асқан байлық жоқ. Бірлік бар жерде тірлік те бар.

Тақырып бойынша материалдар

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
17:15, 16 сәуір 2021
ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
13:38, 16 сәуір 2021
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
Толығырақ...
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
13:36, 16 сәуір 2021
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар