ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Бірлігі жарасқан Глубокое

17:15, 3 мамыр 2022

Ынтымағымыз ыдырамасын. Глубокое ауданында да 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті. Қазіргі таңда бұл өлкеде  30-дан астам ұлт өкілдері өмір сүруде. Тату-тәтті тіршілік етуде.  Жергілікті тұрғындар халықтар арасындағы достық мерекесінде бас қосты. Ел болып ұйымдастырылған салтанатты шараның куәсі болды.

 Аудан орталығанда өткен мерекелік шара  жарқын да, әсерлі сәттерге толы болды. Көптің көңілін серпілтті, қуанышын еселеді. Шығармашлық ұжымдар ұйымдастырған салтанатты жиында ән айтылды, би биленді. Жырдан шашу шашылды. Өңір тұрғындары арасында ойындар ұйымдастырылыды. Сонымен қатар, әрбір ұлт өздерінің ұлттық тағамдарын жұртшылық назарына ұсынды. Әр халық өз өнерлерін ортаға салды.

Алаңда ұйымдастырылған көрме көптің көңілінен шықты. Онда этномәдени бірлестіктердің өкілдері келген қонақтарды өз халқының салт-дәстүрімен таныстырды. Жалпы мұнда ұлттық түрлі-түсті этникалық киімдер, қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі қойылды. Мерекелік шараға жиналғандар әр тілде құттықтау тілектерін айтып, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.

Ұлтына қарамастан бір-біріне сүйеу болу, бір-бірін қолдау мемлекеттің табысты дамуына сөзсіз сеп болмақ.  Ал, мұны  Глубокое ауданының тұрғындары жақсы түсінеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар